Кеше туған жаман бала
Дардай шалға селкілдепті,
Не, оттайсың қақпас шал деп
Маңдайынан бір сілтепті.
Шалың тентек жас баланы
Түзетуге тырысыпты,
Тентек болма, балам-ау деп
Ақыл айтып, ұрсыпты.
Астындағы топырақтан
Үсті-басы қара, қара,
Жас баланың соққысынан
Беті-аузы жара-жара.
Қос қолымен бетін жауып
Басын одан бұрып жатыр,
Дәрмені жоқ, шамасы жоқ,
Қасқыр құсап ұлып жатыр.
Менен үлкен қате кетті,
Тоқта, балам, тоқта дейді,
Мені өйтіп сабағанша,
Дым қалдырмай боқта дейді.
Ендігіде мінезіммен
Көңіліңе жағам дейді,
Ешқашанда енді, балам,
Сөйлемеймін саған дейді.
Бала болса, тырп еткізбей,
Әлгі шалды ұрып жатыр,
Ал, шал болса, тұрғысы кеп,
Тұра алмай құрып жатыр.
Қайырмасы:
Қараңдаршы, қараңдаршы,
Қандай батыр, қандай батыр,
Кеше туған жаман бала
Дардай шалды ұрып жатыр.
САЦИАЛ ПАХЫТКАЛИ еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1