Келе жатыр жол бойымен Бір машина зуылдап, Келе жатыр жол бойымен Бір машина шуылдап, Мен ғой, мен ғой келе жатқан Сонау тұрған ауылға «Мерседеспен» сол ауылда Тұратығын аруға.
Жүз елуден, екі жүзден Төмен түспей келемін, Қашан, қашан жетемін деп Сигналымды беремін. Төбелерден, белестерден, Зу-зу етіп асамын, Онан сайын газге қайта Аяғыммен басамын.
Машинамның жүрісіне Сондай жыным ұстайды Томпаңдаған тасбақаның Қимылына ұқсайды. Тап осылай жүре берсем Шаруам менің оңбайды Машинаның тегершігі Неге сегіз болмайды?
Қайырмасы: Келгенімде жақындап, Төбет итің арсылдап, Қарсы алдымнан шаппасын, Шауып келіп тап беріп, Аяғымнан шап беріп, Жерде қауып жатпасын. Папаң сенің сорайған Сөздер айтып қарайған Кет, жоғал, деп тұрмасын Мамаң сенің артымнан Мә, саған деп басымнан Оқтауымен ұрмасын, Өзің болсаң, жаным-ау, Жаным-аусың, шыным-ау, Махаббатты сатпашы, Шыға ғойшы дегенде, Сүйсең мені егерде, Шықпаймын деп айтпашы.