Демалыс деп төсегіңнен Рақаттанып тұрмасаң, Бет-аузыңды жылы сумен Жақсы етіп жумасаң. Шығып алып банкоматқа Ала сала бармасаң, Сарт еткізіп, басып қалып, Айлығыңды алмасаң. Одан шығып шаштаразға, Тоқтай қалып соқпасаң, Шашыңды алып, жағыңды алып, Жеп-жеңіл боп шықпасаң. Одан шығып ақ моншаға Тіп-тікелей тартпасаң, Сыпыртқымен парнойында Сабаланып жатпасаң. Одан шығып тойханаға Достарыңмен кірмесең. Думан құрып, асыр салып, Ойнап-күліп жүрмесең. Одан шығып жас қыздардың Соңдарынан ермесең, Алдап - сулап ең сұлуын Қармағыңа ілмесең.
Қайырмасы: Онда, онда, онда өмір Айтшы, қызық бола ма, Онда, онда сол өмірге Көңілің сенің тола ма?