2. Мінгенім астымдағы қызыл шолақ, Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ. Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт, Тұсыңа келіп қалдым құдашалап.
3. Қызы едің сен бір байдың өтпей жүрген, Келгенше жиырма беске кетпей жүрген. Ей, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт, Мен қойшы сендей қызға жетпей жүрген.
4. Мен өзім Алатаудың ителгісі, Қойшының қызға жақын икемдісі. Кедейсің деп кемітпе, байдың қызы, Келіп отыр құрбыңның сүйкенгісі.