Сен көрікті едің... Көріктісің! Баяғы бойындағы желік-күшің. Не істеймін десең-дағы еріктісің, Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едін... Ақылдысын! Тал бойында талмаған ақыл-күшің. Ерке мінез, есен-сау жатырмысың, Жатырмысың, жаныма жақын құсым?! Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін.
...Алдыңа келу қандай қиын маған! О, менің ак бақытым, бұйырмаған. Саусағыңның ізіне көзің салшы, Шым-шытырак шимаймен шиырлаған, 0, менін ақ бақытым, бұйырмаған.
Сен сүйікті едің... Сүйіктісің! Сені көріп тағы да күйікті ішім. Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым, Әлі де биікпісің? Биікпісің?!