Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сейл Аяган - Жас калам | Текст песни

Кездессем ұрлана қараймын
Асаудай тулайды жас жүрек.
Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін менде бар бір тілек.
Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін менде бар бір тілек.

Сені артық көремін басқадан
Сүйем деп айтуға жасқанам.
Жеткізе алар ма жүректің
Жан сырын жасырып жас қалам.
Жеткізе алар ма жүректің
Жан сырын жасырып жас қалам.

Есімде алғашқы сауық кеш
Ләззаттің тағдырын өзің шеш.
Ләйліден айырылған Мәжнүндей
Дәл қазір менде жоқ ақыл-ес.
Ләйліден айырылған Мәжнүндей
Дәл қазір менде жоқ ақыл-ес.

Әлде бір бар шығар сүйгенің
Тәкапар менсінбей жүргенің.
Оны зор мені құр санасаң
Мейірімсіз соққаны жүректің.
Оны зор мені құр санасаң
Мейірімсіз соққаны жүректің.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-