Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сейіт Ербол - ҚАЗАҚСТАН (https://vk.com/id201915792) | Текст песни

Қазақстан

Балбал тастан бастау алған
Байырғыдан дастан болған бостандығым
Батыр өткен бабалардың
Аманатын ақтап ерлер қосқан үнін
Жусан иісін жұпар көрген
Жан шуағын жұртқа берген
Мейірбанды туған елім ай
Кемелденіп ерендерің
Өрлей берсін өрендерің елім

Қазақстан Қазақстан Қазақстан
Азат елім байтақ далам Қазақстан
Көк байрағың көкте шалқып Қазақстан
Күллі ғалам құрмет қылсын Қазақстан

Арман құсын айға аспанға
Ар намысын алдаспанға тапсырғанда
Тұлпарлардың тұяғымен
Түп қазығын тарихының қақтырғанда
Бейнет нәубет жалын көрген
Қайратымен бәрін жеңген
Көк найзалы көкжал елім ай
Қыран болып ұл қыздарың
Жарқырасын жұлдыздарың елім


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-