Ғашықтар жыры
с. Ш. Сариевтікі
ә. К. Дүйсекеевтікі
Қасың қандай, қарақат көзің қандай,
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай!
Қуанатын балаша кезің қандай,
Өзің қандай, жаныма сөзің балдай.
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.
Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай,
Арың қандай, жібектей жаның қандай.
Өзің қандай, шуаққа малынғандай,
Сезім қандай, тәңір де табынғандай!
Көңілге жыр тұнады сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады сен дегенде.
Сембек Жумагалиев & Макпал Жунисова еще тексты
Другие названия этого текста
- Мақпал Жүнісова-Сенбек Жұмағалиев - Ғашықтар жыры (0)
- Үздік дуэттер 5 - Мақпал Жүнісова-Сембек Жұмағалиев - Ғашықтар жыры (0)
- Мақпал Жүнісова-Сенбек Жұмағалиев - Ғашықтар жыры (0)
- Сембек Жумагалиев & Макпал Жунисова - Маххабат жыры (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2