С: Жабығып жүрген жан едім, Жалғыздық кімге жарасқан. Кездессе деп едім бір бақыт, Айменен көркі таласқан.
М: Ашылып сана сен кірдің, Жер беті кетті нұрланып. Әр сөзі тілек жақсылық, Қараумен болдым нұрланып.
Қайырмасы: Күз болып күттім, өтті ызғар, Санамда жылы жақ маздар. Айдын ау қайда аққулар, Айналам толы ақ қаздар. Сағынышымсың сен менің, Білсең ғой қалай шөлдедім. Іздедім қанша іздедім, Өзіңді қайта көрмедім.
М: Сен маған енді кездеспей, Қалпыңда осы қал, күнім. Ойымда менің жоқ сұрақ, Өзгенің қимас алтынын.
С:Сен маған енді кездеспе, Жырлаумен өтсін әр күнім. Осынау жердің бетінде Бір асыл жанның барлығын.