Алаңдаумен күн өтті қарайлаумен өткенге Қалдым жалғыз үдеріп нөсер көктем төккенде Сенші маған ардақтым сенсің менің алғашқым Бұл өмірде еш жанды саған теңей алмаспын Қ-сы: Сені мәңгі сүйемін жаным Үмітімді үзбеймін жаным Өзіңмен ғана белгілі Сағыныштың өлшемі Өшпесін деп махаббат оты Жаратканнан тілерім осы Сүйемін түсінші жаным Мәңгі жанымда болшы Сағындың ба бақтарды құстар ән сап сайраған Сағындың ба кездерді асыр салып ойнаған Сен туралы түндерде көз ілместен ойланам Елес болып кетпейді нұрлы бейнең жайнаған http://song5.ru