Өмірімнің мәні - өлеңім,
Жайқалған нұр жасыл желегім.
Мен өміріме, өлеңіме
Сенемін, сенем...
Жайқалған нұр жасыл желегім,
Ертеңім деп табар қорегім.
Мен ертеңіме, ертеңіме
Сенемін, сенем...
Сенемін,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем...
Сенемін
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем
Еркемін мен, ойлар ертеңін
Мәңгіліктің жырын өркеп ем
Мен жырларыма, нұр бағыма
Сенемін, сенем...
Өлмесін деп жаяр өркенім,
Өмірімнің күйін шертемін
Ертеңім - менің ертегім,
Ертеңіме сенем...
Сенемін,
Бақытқа бастайтын жолға,
Арманым жетелер алға,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем
Сенемін
Ыстығы, суығы қатар,
Жаныма аяздай батар,
Ғажайып ертекке ертеңгі сенем...
(3 рет)
Серик Ибрагимов & Али Окапов еще тексты
Другие названия этого текста
- Серик Ибрагимов & Али Окапов - Ертеніме сенемін [2014] (0)
- Серик Ибрагимов & Али Окапов - Ертеніме сенемін (0)
- Серик Ибрагимов & Али Окапов - Ертенiме сенемiн (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1