Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Серик Керимбеков - Ақ ләйлек (Қ.Мырзалиев-С.Керимбеков) | Текст песни

Ақ ләйлек
Сөзін жазған Қадыр Мырзалиев
Әнін жазған Серік Керімбеков

Көне күмбез үстінде
Қонып отыр ақ ләйлек.
Көз жұмулы көңіл мас -
Болып отыр ақ ләйлек. .

Қайырмасы:
Қызық көрем жерден де,
Қызық көрем көктен де
Дауа жоқ-ау, дауа жоқ
Махаббат пен көктемде,

Биігінде шаттықтың,
Шалқып отыр ақ ләйлек.
Бақытының буына,
Балқып отыр ақ ләйлек

Қайырмасы.

Дүниенің төрт жағын,
Сай ғып отыр ақ ләйлек.
Ләйлісімен ай мүсін,
Ләйліп отыр ақ ләйлек.

Қайырмасы.

Өң мен түстің арасын,
Күтіп отыр ақ ләйлек.
Одан басқа тірлікті
Ұмытып отыр ақ ләйлек.

Қайырмасы.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-