«Алтын ұям»
Сөзі Қыстаубай Байтуовтікі.
Әні Серік Керімбековтікі;
Ауылым, алтын ұям бесігімсің,
Кешегі қимай жапқан есігімсің.
Көңілім жүрседағы тым алыста,
Өмірі таусылмайтын несібемсің.
Қайырмасы:
Ауылым, кең жайылған дастарқансың,
Ақшуақ мейіріміңді ақтарғансың.
Өзіңде туып-өскен перзенттердің,
Жүрегінде мәңгілік сақталғансың.
Ауылым, балалығым, жастық шағым,
Өзіңнен басталды ғой менің бағым.
Балапаннан жетілген қырандардың,
Қонатын тұғыры һәм алтын тағым.
Серик Керимбеков еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2