Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Серик Керимбеков - Өмір дедім (с. Гүлнар Салықбаева - ә. Серік Керімбеков) | Текст песни

Өмір дедім

Сөзін жазған Гүлнар Салықбаева
Әнін жазған Серік Керімбеков

1.Өзімді-өзім өртедім... өмір дедім
Өмір демей жүргенде көңілді едім
Күнің болып кеудеңді жылытайын,
Көп күрсінбей көзіңді аш көгім менің.

. Қ-сы: Қадап алып көздерін кәрі Күнге,
Болғысы бар бақытты бәрінің де.
Ақ қайыңнан амалсыз үзілген бір,
Жапырақтың көз жасы дәрі кімге...

2.Тыншу көрмей тырбанып, тірлік дедім
Шықпаса да алдымнан бір күткенім.
Саған ғашық сап-сары сағыныш ем
Сұлу әлем, сен сондай сұмдық пе едің...

Қ-сы: Қадап алып көздерін кәрі Күнге,
Болғысы бар бақытты бәрінің де.
Ақ қайыңнан амалсыз үзілген бір,
Жапырақтың көз жасы дәрі кімге...

3.Қара бастың қамын жеп қай-қайдағы үн,
Аспан жақтан келеді айқайлағым.
Жыртығына жалғанның жамала алмай
Қартаймай-ақ қамығып, қайғы ойладым.

Қ-сы: Қадап алып көздерін кәрі Күнге,
Болғысы бар бақытты бәрінің де.
Ақ қайыңнан амалсыз үзілген бір,
Жапырақтың көз жасы дәрі кімге...


Серик Керимбеков еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1