Сан ағыстар мен сағыныштар (с.Қошқарбай Жұматаев - ә.Серік Керимбеков)
Сан ағыстар мен сағыныштар
Сөзін жазған Қошқарбай Жұматаев Әнін жазған Серік Керімбеков
1.Ойымда менің мөлдіреп тұнған қанша арман Ақ қанат арман жақсылықты аңсап ән салған. Жалықтым білем, қызғалдақ кешкім келеді, Сағыну менен, сағыну менен шаршаудан.
2.Ойыма менің оралдың нәзік сәніңмен, Ақ қардай таза, отты ұшқын шашқан арыңмен. Сағынған кезде жаныма менің оралып, Шаршаған кезде тербеші толқын әніңмен.
3.Аяулым менің! Сан ағыстармен қарсы алған, Оралмай жүр ғой қазірде маған қанша арман. Шаршаған шақта даламның исін сағынам, Өзіңді және, өзіңді және аңсаудан.
4.Қинаған мені жанардың ойсыз жарқылы, Кей адамдардың көзінде жүрген салқыны. Солардан қазір мен келем, жаным, қаймықпай, Өзіңді сүю, өзіңді сүю арқылы.