Сөзін жазған Серік Томанов Әнін жазған Серік Керімбеков
1.Сағыныш дерті меңдеген еді, Кел деген еді бір арман. Шын сүйсең егер емдеме мені, Шөлдемей тегі, шөлдемей тегі, Шөлдемей тегі жүре алман.
Қайырмасы: Айырма мүлде, Айырма мүлде аңсаудан мені, Қарсы алма тегі, Қарсы алма тегі қайда да. Сарсаңға мені, Сарсаңға мені салсаң да мейлі, Бақытқа басты, Бақытқа басты байлама.
2.Бақыт та, бақ та көшпелі бәрі, Көшпелі бәрі өмірдің. Сағынып жүрсем тек сені мәңгі Мәні сол мына, мәні сол мына, Мәні сол мына өмірдің.