Армандаймын, мен сені армандаймын, Ғашық болып, мен саған қалғандаймын. Келші сәулем, жаныма келші менің, Кездесуді мен әлі армандаймын. Келші сәулем, жаныма келші менің, Кездесуді мен әлі армандаймын.
Көл шетінде бір аққу жүзіп барады, Сол аққуға отырдым ұзақ қарап. Сүйгенінен айырылу қиын екен, Жар басында, отырдым ұзақ жылап. Сүйгенінен айырылу қиын екен , Жар басында, отырдым ұзақ жылап.
Бара алмаймын тойыңа бара алмаймын Барған менен көңілді бол алмаймын Тілек айтып тойыңда жылағанмен Өлең айтып үйімде мен қалайын.