Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Серік Ақсұңқарұлы - Қасқырдың монологы (Аян Отепберген) | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Жек көрем итті!
Алысып жүрем,
Шабысым жүрем!
Қағынып…
Сайын даланың тағысымын – мен,
Не деген ғажап – тағылық!
Шауып түсемін!
Күш ағысымды
Сыйғыза алмай ішіме.
Адамның алмас пышағы сынды
Ырзамын азу тісіме!
Қасқыр – бабалар!
Бар ұлыстардың
Мазасын алып манадан –
Иттермен болған қанды ұрыстардың
Иісін сезем даладан.
Қаңқу сөз жүрек кегін үрлейді,
Қорлық-қарғысқа барабар.
Бізбенен иттің тегі – бір дейді…
Рас па, қасқыр – бабалар?!
Өлексе үшін жұлысқан болсақ,
Өмірі бітпей кегіміз,
Иттермен бірге туысқан болсақ,
Не болды – ата тегіміз?!
Ала төбеттің астында қалар,
Күн туғаны ма ақыры…
Неге үндемейсіңдер, қасқыр-бабалар,
Қағынып кеткен жатыры?!
Неге үндемейсіңдер?
Ұрлық түн еді:
Жатқаным мынау – жау іші.
Аспанның астын дүрліктіреді,
Үрген иттердің дауысы…


Другие названия этого текста
  • Серік Ақсұңқарұлы - Қасқырдың монологы (Аян Отепберген) (0)
  • Серік Ақсұңқарұлы - Қасқырдың монологы (0)
  • Мейрамбек Ерболатулы - Каскырдын монологы (0)
  • Мади Манап - Қасқырдың монологы (0)
  • Серік Ақсұңқарұлы - Қасқырдың монологы (Аян Отепберген) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-