Арадай таба алмаған гүл шырынын,
Шыр айналдым ішінде бір шынының.
Инеліктей имиген иманыммен
Құр бүгілу болып жүр құлшылығым.
Дәміне тамсанғанмен балдай жырдың,
Жұтаң тарта береді жан байлығым.
Қырық жыл бойы қарайған жүрегімді,
Қырнап-қырнап ағарта алмай жүрмін.
Жүре алмай түзу жолмен көп тайқыдым.
Нәпсіме еріп, шарқ ұрдым таппай тыным.
Қисық ағаш секілді бір адаммын,
Бұтағым көп балталап тастайтұғын.
Өзгенің қорықпаймын өсегінен,
Біреу мені дінбұзар десе күлем.
Бәлкім барып қалармын жәннатқа да,
Ғайбаты көп жандардың есебінен.
Серік Қалиев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3