Мен сөйлейін, илан, мейлі иланба,
Бәрі бүгін сатылады. Иман да.
Шіркеу кезіп шоқынып жүр кей қазақ,
Бауыр болып, ақаша берген Иванға.
Біздің жайды өреңізбен өлшеңіз,
Не жетпейді, заман тыныш, ел семіз.
«Пәленбай» деп, ақшасына келісіп,
«Хатым Құран» түсіреді өлсеңіз.
Тәубесі жоқ тәуібіңнің бағы асқан,
Жол аштырғыш ақымақ көп адасқан.
Жаназада жаға жыртар қос имам,
Сауап емес, сауқатыңа таласқан.
Шықса әкімнің жемқорлықпен жиі аты,
Дәрігер де дәметеді сый-ақы.
Бір қағазға бағаланып қор болды,
Бүлдіршіндей қарындастың ұяты.
«Жанымыз бай» деуші ек бұрын. Жұтапты.
Араладым өзім шыққан бұтақты.
Саудалауға ұялмадық, қайтейін,
Саудиядан тегін келген Кітапты.
Нарық мініп ойнақтаған боз атқа,
Көрмейді елдің шағылысып көзі отқа.
Иманы әлсіз рухтарды Ібіліс,
Сатып алып, жөнелтуде тозаққа.
Тәңір сыйы көп еді,
Соның бірі бұл өнер.
Мешіт соққым кеп еді,
Әр кірпіші бір өлең.
Білім болса, әлбетте,
Талай дүние жазар да ек.
Сол мішітім тер төккен,
Шықса қайтем мазар боп?
Аз ба айтарым, қалай да,
Жазба, қалам, тұра қал.
Сауап керек, алайда,
Сақтанамын күнәдан...
Деуші едік: «қазақ емес «әу!» демеген»,
Не пайда иманы жоқ дәу денеден?
Өтпестей көрінгенмен өмір шолақ,
Тәуірсіп жүре бермей, тәубеңе кел.
Толмайтын құлқыныңа тығын сал да,
Көзді арбар дүниеге сұғың салма.
Құдайдың құрығынан құтылмайсың,
Сандыққа алтындатқан тығылсаң да.
Шайтандарға сенгенсің,
Нұрдан емес, жерденсің.
Дәурен сүру емес, сен
Сыналуға келгенсің.
Бір-ақ тамшы судансың,
Судан майда будансың.
Көну үшін тағдырға,
Өлу үшін туғансың.
Сауық тілеп сұранба,
Елікпе бос ұранға.
«Қазақтарға жеңілдік,
бар» демеген Құранда.
Серік Қалиев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1