Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Серік Қалиев - Өмір майдан | Текст песни

Өмір - майдан
Өлеңді жазған: Серік Мақұлбекұлы Қалиев
2007-11-19
Ақиқат жайлы жүр-ау жөнді айтылмай,
Тіріні өлі келіп қолдайтындай.
«Кәрі өлсе – той» дейді ғой біздің қазақ,
Кәрісі тозақта от боп жанбайтындай.

Шайтанның қойын-қонышы толған айла,
Тосады тура жолдан ол қалайда.
Дінде жоқ көп жасаса кейбір шалдар,
Күн сайын күнә жинап сорламай ма?

Иманды табу қиын жас келгенмен,
Анығын айтсаң аз ба қас көргендер.
Дінсіз боп өлсе әкең пайдасы жоқ
Жыл сайын жылқы сойып, ас бергенмен.

Алланың керек етпей бар әмірін,
Өткенге, пайда бермес нала, мұңың.
Бермейді біреу үшін біреу жауап,
Әр адам тұтқыны өз амалының.

Ақылын кей қияли құдай тұтты,
Ойына табынады құлай тіпті.
Жәннәти деп, Қартайып өлген адам,
Алла ма, Пайғамбар ма, кім айтыпты?

Құранның құлақ аспай дәлеліне,
Біреулер өкшелеп жүр бәлені де.
Сорлайды-ау бейшаралар соның үшін
Барғанда ақыреттің әлеміне.

Есіне Есеп Күнін ала тұрмай,
Дүние қусам дейді аға тынбай.
Келмейді дұға, сүре жаттағысы,
Сауапты сатып ала салатындай.

Жақсылық көрсем деген талап барда,
Білім ал, сауап жина, қарап қалма.
Ақылды бас – жемісті бұтақтайын,
Иіліп сәжде етеді Жаратқанға.

Бір ниетке байлансаң күліп-ойнар,
Құлайсың-ау құрдымға құрып айлаң.
Өмір деген – жәннат пен тозақ үшін,
Ібіліспен болатын ұлы майдан.

Серік Қалиев еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 2