Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Серік Қалиев - Не пайда | Текст песни

Дінсіз кетті бір ағам, дінсіз кетті,
Бір рет азан шақырмай үнсіз кетті.
Түртінектеп жүрді де тіршілікті,
Ақіретін ойламай мұңсыз кетті.

Көшер – көшпес көңілден...
Көзден кетті.
Жұрты айтқан жылы–жұмсақ сөзбен кетті.
Атақ–абырой, мал–мүлік жинап еді,
Бәрі қалып, қос құлаш бөзбен кетті.

Жаяу кетті, көлігін мінбей кетті.
Көп медальдің бірін де ілмей кетті.
Мүңкір–Нәңкір қоятын үш сұрақтың
Ең болмаса біреуін білмей кетті.

«Алтын» басын Аллаға имей кетті.
Шариғаттың шарттарын сүймей кетті.
Тым болмаса жұмада Раббысы үшін
Жайнамазға маңдайы тимей кетті.

Бұйрығына Тәңірдің көнбей кетті.
Көрден соңғы өмірге сенбей кетті.
Көкірегінен Дарвин мен Ленин жаққан
Атеистік алауы сөнбей кетті.

Күліп келген күнәдан қашпай кетті.
Молда айтқан сөзге құлақ аспай кетті.
Қос дүниелік бақытпен қауыштырар
Құран Кәрім парағын ашпай кетті.

Жүрегіне сіңдірмей иман нұрын,
Игіліксіз ғылымнан жиған білім.
Тірісінде тәрк еткен аяттарды
Жатыр оған бағыштап имам бүгін...


Серік Қалиев еще тексты


Другие названия этого текста
  • Серік Қалиев - Не пайда (1)
  • Серік Калиев-Не пайда (audiopoisk.com) - Не пайда (0)
  • Дінсіз кетті.. - Серік Қалиев (0)
Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 2