Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Серік Ибрагимов - Кел маған (мастер минус) | Текст песни

1) Жүрегімді жылатпа жаным,
Мейлі мені сағынба сағын.
Арман болған түндердің,
Бірге жүрген күндердің,
Аламысың есіңе бәрін.

Тоғыспады өзіңмен жолым,
Мейлі маған көрінбе көрін.
Тауыссаңда төзімді,
Күтіп жүрмін өзіңді,
Жүрегімнің ұсынып төрін.

Қ-сы:
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сенбейсің сезбейсің,
Сен менің сүйетінімді (2x)

2) Іздеп жүрмін сыртыңнан сұрап,
Мейлі мені ұнатпа ұнат.
Арманым деп еңселіп
Ардақтаймын мен сені,
Сезімімді бағала бірақ.

Ертеңіміз біздердің жұмбақ,
Мейлі маған тіл қатпа тіл қат.
Бір өзіңмен тең бағым,
Кел маралым, кел маған,
Түн ұйқымды кеттің ғой ұрлап.

Қ-сы:
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сенбейсің сезбейсің,
Сен менің сүйетінімді (2x)

Қ-сы:
Жаным іздеймісің үзбеймісің,
Үміттей нәзік гүліңді.
Сен неге сезбейсің?
Мен сені сүйетінімді (2x)

Другие названия этого текста
  • Серік Ибрагимов - Кел маған (мастер минус) (1)
  • Серік Ибрагимов - Кел маған (0)
  • Серік Ибрагимов - Кел маған (мастер минус) | SagadatMazhit@kz (0)
  • Бакытжан Парибай - Кел маған | Мен сені сүйемін -Нуршаш Ким аитти (0)
  • Серік Ибрагимов - Кел маған | Мен сені сүйемін - Дилянора Құсбек (0)
  • Серік Ибрагимов - Кел маған /ib_kazminus/ (0)
  • Серік Ибрагимов - Кел маған минус мастер (Ерген Нұржан ұсынады) (0)
  • Серік Ибрагимов - Кел маған КУШТИ (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-