Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Серілер - Қазақтың қара баласы | Текст песни

Еңісте жүрген ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Еншілеп алған ауруға
Екі дүниеде ем қонбас.
Ананың сүтін арда емген,
Атадан қалған бала кем болмас.
Тебініп атқа мінсе де,
Тектіге тентек тең болмас.
Қазанға түспей ас болмас,
Қарекет қылған аш қалмас.
Қазақтың қара баласы,
Біріне бірі қас болмас.
Қазақтың қара баласы
Біріне бірі қас болса,
Күндердің күні туғанда,
Жат болудан жасқанбас.

Өзіңе өзің жаудайсың,
Өнбейтін істі даулайсың.
Төріңді жатқа жайлатып,
Төсекте жатып аунайсың.
Аузыңмен орақ орасың,
Тіліңмен оны баулайсың.
Атымтай сенің неңді алған,
Қожанасырдан аумайсың

Сарыала қамыс, сар қамыс,
Саясы кімге алданыш?
Самырсын қанат сары балық,
Самұрық көкке самғап ұш!
Жақынның бәрі жарамсақ,
Алыстың бәрі арбағыш,
Балаға бағбан болса игі,
Бабадан алған ар намыс.

Асу да асу бел қайда?
Аса бір соққан жел қайда?
Еңіреп туған ел үшін,
Едіге сынды ер қайда?
Еңісте малы мыңғырған,
Ежелгі қоныс жер қайда?
Еншісі бөлек ер ұлан,
Еңсесі биік ел қайда?

Атадан қалған көз қайда?
Абыздан қалған сөз қайда?
Алауыз болса арасы
Ағайын азып, тозбай ма?
Барға да, жоққа бар қадыр,
Баяғы бекзат кез қайда?
Кенеуі кеткен тіршілік,
Кеуденің шерін қозғай ма?

Бағзының көзі балбал тас,
Басына байғыз қонбай ма?
Қара шал тіккен қараша үй,
Қараусыз бір күн қалмай ма?
Отқа да түскен қызыл тіл,
Шоққа да түскен қызыл тіл,
Бекерден бекер, Құдай ау,
Заманның зарын толғай ма?

Аспанның қары ала қат,
Алланың нұры ғаламат.
Келген бір күнге салауат,
Көрген бір сүнге қанағат.
Жаманнан туар жалмауыз,
Жақсыға құмар жамағат.
Қадымнан қалған қағанат,
Қазаққа бүгін аманат.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4
Видео
Нет видео
-