Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді, Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді. Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде, Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде. Қайырмасы: Ұлтсыздану заманында, Тілің нарық табанында, Көнбістік бар қадамыңда, Рухыңды басып кетті қарын. Тіліңді жоғалтсаң, Діліңді жоғалтсаң Жоғалтасың ² бәрін. Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды, Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды. Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар, Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар. Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға, Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында? Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында, Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.