Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

сөзі - БЕКСАРЫ БотаКөз - Мухан АБДУҚАСЫМ - Ерке сезім ( 2015) | Текст песни

1) Жанымды жаның жүргенде жаттай көріп,
Күйіп те кетем өзіңді ақтай беріп.
Сонау бір кеште, көп сұлу арасынан,
Басылдың неге көзіме оттай болып?!

Қабылдамай қап, сөзімді қабылдадың,
Ішімнен ғана дедім мен "жаным, жаным".
Сезіміммен тек, ойнама, өтінерім,
Бола жатады қалғаны уағында, біл!

•ҚАЙЫРМАСЫ:
Иә дедің, жоқ дедің,
Жауабың сұрап едім.
Бақ па едің, сор ма едің,
Көңілім құлап еді.
Еш айыбым жоқ,
Қайтейін, ұнап едің.
Түсінесің бе,
Күнім, мына мені?!

2) Жасырып қайтем, қылығың ұнамды анық,
Керім қалпыңмен жүресің сылаң қағып.
Ізіңде жігіт көп те ғой, содан болар,
Кей-кейде сенен қаламын күмәнданып.

Түрлі мінезің барады шын көбейіп,
Үндеме десең, мақұл ал, үндемейін.
Ертеңге бәрін қалдырып қайтеміз-ау,
Ұсынып жүрек, жарығым, үлгерейін.

сөзі - БЕКСАРЫ БотаКөз еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1