Аңғармадым қалай, Өтті күндер талай Айтшы алыстады арамыз неге? Жүрек күйін шертер, Өзегіңді өртер, Жылаттық-ау біз бекер. Бал сезім тәтті, Қауышқан сәтті, Қиалмадым, көңіліңнен кетер ме? Біз аңсаған арман, Бақыт болып алдан, Жанымызға жетер ме?
Қ-сы Ашып бақыт есігімді, Айтар, бәлкім, есіміңді, Сүйген адам кешірімді, Айтшы соңғы шешіміңді! Оралар ма сонау бір шақ? Қона алар ма ұшырған бақ? Өкініп қалма бірақ!
Жапырақтай жүрек, Сарғаяды жүдеп, Кінәлама, тәкаппар жан, тек мені, Махаббат нұр төгер, Жанға шуақ себер, Сезіне алсаң егер. Жаралап жанды, Алмайық мәңгі, Жалғыз адам дүниеге сыймайды. Сені сүйген жүрек, Асыл арман тілек, Махаббатты жырлайды.
Қ-сы Ашып бақыт есігімді Айтар бәлкім есіміңді Сүйген адам кешірімді Айтшы соңғы шешіміңді Оралар ма сонау бір шақ Қона алар ма ұшырған бақ Өкініп қалма бірақ
Аңғармадым қалай, Өтті күндер талай Айтшы алыстады арамыз неге Жүрек күйін шертер Өзегіңді өртер Жылаттық-ау біз бекер
Қ-сы Ашып бақыт есігімді Айтар бәлкім есіміңді Сүйген адам кешірімді Айтшы соңғы шешіміңді Оралар ма сонау бір шақ Қона алар ма ұшырған бақ Өкініп қалма бірақ