Ат қайда ақбақайдай шаппай желген Қыз қайда құдашадай көзі күлген, ахахау арман ай, Алыстан ат арытып келгенімде Шақыртпай еш адамға өзі келген
Ахау, ау, сәулем-ай, Өзі келген-ай Аха-ха-хау арман-ай
Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын, Адамда сөз болмайды айтылмайтын, ахау арман ай, Сыртынан жүзін көріп қызыққанмен, Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын.