Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сәкен Майғазиев - Арман жырым – аруларым | Текст песни

Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Табынып ер кімдермен таласады?

Қайырмасы:
Өрімтал, көркем, сұлу мүсін,
Көргенде қайран қап, күюің шын.
Мың ақын жырласа тіл жетпейтін,
Бұл қыздар жаралған тек,
Бұл қыздар жаралған тек, сүю үшін.

Қана алмас құмарың қарасаң да,
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.
Жердегі аруға жетер емес,
Аспанның сан жұлдызын санасаң да.

Қайырмасы:
Жүздірер жүректі нұрлы үмітке,
Басыңа қоятын мұңды үйіп те.
Қиял мен жұмбақтан жаратылған,
Қыз-ару қалар мәңгі,
Қыз-ару қалар мәңгі, бұл биікте.

Шалқытып шаңырағын тамашаның,
Бақытын отбасының жар ашады.
Тірліктің түп мәні ұрпақ деген,
Аруға ана болу жарасады.

Қайырмасы:
Көктегі Ай, Күндей дара тұлғаң,
Қыз десе дүние, дала тынған.
Қазақтың намысы – ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман-жырдан,
Мәңгі өлмес арман-жырдан, жаратылған.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Популярное сейчас
Видео
  • Арман жырым - аруларым Арман жырым - аруларым
    Арман жырым - аруларым Қыздарға әсемдік жарасады, Ай көркі ... Экспо 2017, Казахстан, Сакен Майгазиев, Мадина Садуакасова, КТК, ...
  • Love Story Арман и Айгерим Love Story Арман и Айгерим
    Love Story Арман и Айгерим ... Сакен Майгазиев & Айгерим Жанылбаева - Кешір мені - Duration: 3:33. by Amanzhan91 15 ...