Қонбаған аппақ құсым бағыма,
Ояндым өзіңді іздеп тағы да.
Күн болып көктегі нұр жаныма,
Ай болып жүрмін сені сағына,
Жүрмін сені сағына.
Қайырмасы:
Мақпал түнде наздаған сезімнің,
Жүрекке жалын берді.
Аңсап сені жаңбырдай езілдім,
Сағындым жаным сені.
Сыбдырлап жел ұрлайды сырыңды,
Ақ бұлтқа үн қатады мұңымды.
Өткіздім ар намыс пен күнімді,
Айтшы сен сағындын ба шыныңды,
Айтшы жаным шынынды.
Қайырмасы:
Мақпал түнде наздаған сезімнің,
Жүрекке жалын берді.
Аңсап сені жаңбырдай езілдім,
Сағындым жаным сені.
Сәкен Майғазиев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1