Армансың айым талайға, мендіксің алайда,
Ұшырып алма бақытты қолыңнан абайла,
Жалғанда біз бір болайық жарай ма.
Көзіңе қарап сыр ұқтым, қайғыны ұмыттым,
Еркесі нәзік үміттің, жанымды жылыттың,
Махаббатым өзің ерке қылықтым.
Қ-сы:
Жаным, асыл еркем,
Айдан сұлу күннен де көркем.
Жаным, жаным еркем,
Сезіміңмен мені,
Шарпып өткен сен жалын өрт ең.
Сезімнің сенсің дегені, өзіңе сенеді,
Жүректің қағып қақпасын махаббат келеді,
Шынайы сезім бәрін де жеңеді.
Үйіңнің торып маңайын, мен ұрын барайын,
Жүрегімнен сезім силап, қолыңды алайын,
Саусағыңа еркем жүзік салайын.
Қ-сы:
Жаным, асыл еркем,
Айдан сұлу күннен де көркем.
Жаным, жаным еркем,
Сезіміңмен мені,
Шарпып өткен сен жалын өрт ең.
Авторы: Арман Құдайберген
Сұлтан Кеңшілік (әні: автор) еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4