Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сұлтан Кеңшілік (әні: Автор, сөзі: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН) - СҮЙГЕНІМ ҮШІН СҮЙЕМІН | Текст песни

СҮЙГЕНІМ ҮШІН СҮЙЕМІН

Өзіңсіз қойды өтпей түн,
Мұңайтты тағы келмей таң.
Сөзім-сөз теңдес жоқ деймін,
Кім айтты бар деп сендей жан.

Ақ жүзің ұлпа ақ қардай,
Көмірдей қара көзің де.
Сыйластық орнап мақпалдай,
Дәнекер болғай сезімге.

Жүректі қойдың жылытып,
Тәңірден маған сый едің.
Өзімді-өзім ұмытып,
Сүйгенім үшін сүйемін.

Қос аққу құстан жібердім,
Хат жазып саған, оқыма.
Ұста да өртеп жібергін,
Маxаббатыңның отына.

Сен күлдің шықты күліп күн,
Сағынсаң еркем кел мейлің.
Жалғанның барын ұмыттым,
Арманның бәрі сен дейді.

Авторы: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ұнатамын

Сұлтан Кеңшілік (әні: Автор, сөзі: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2