Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Смерч a.k.a. Жақау - Жаңбырдай Жанның Тазалығы (www.VIPSTAR.kz) | Текст песни

Міне бүгін жаңбырлы күн, жүректе қуаныш бұл,
Жаңбырыңмен тазалашы жүректерді жаратушым.
Жүректерді тазартатын жаңбырдай Сүннет екен,
Сол Сүндетпен тазару бәрімізге міндет екен.
Бүгінгі жауынмен жүректерді тазалашы,
Жанымның есігі өзіңе ғана ашық.

Қайырмасы:
Жанның тазалығы маңызды емес біреуге,
Жанның тазалығын біреулер тілеуде.
Ал менің тілім бармайды менің жаным таза деуге,
Жаратушым кешірші деп соқсыншы барлық кеуде.

1.
Алақандай жан жүрегім күнәдан қарайғанда,
Пасықтық қамал тұрғызды биік зәуләм сарайданда.
Тым биіктеп кетті, сауаптар қамауда қалды,
Немқұрайлық жол бастады, ұлы көшін болып алды.
Кеудемдегі жаным, шаң күнәдан тұншыққанда,
Сезе алмайм ал дәмін, бес парыз құлшылықтанда.
Сонда ғана көзім жетті, жанымды шаң басқанын,
Білімсіздік белден бастап, жанды ұямды көп ластадым.
Кіретін жер таппадым, кеудем деген кірлегенде,
Жанымды жаялық қып, жайыппын кір еденге.
Соңынан ойға түстім, надандықтың ізін көріп,
Сүннет жаққан шам шырақ, бара жатқандай сөніп.
Су сеуіп оятқандандай, Сүннеттің мазалығын,
Жанымды жарқыратты, Сүннеттің жарық нұры.
Ойлансаң оңашада, дінде екен жанның азығы,
Сол діннен табасын жаңбырдай жанның тазалығын.

Қайырмасы:
Жанның тазалығы маңызды емес біреуге,
Жанның тазалығын біреулер тілеуде.
Ал менің тілім бармайды менің жаным таза деуге,
Жаратушым кешірші деп соқсыншы барлық кеуде.
Жанның тазалығы маңызды емес біреуге,
Жанның тазалығын біреулер тілеуде.
Ал менің тілім бармайды менің жаным таза деуге,
Жаратушым кешірші деп соқсыншы барлық кеуде.

2.
Көрмейсіңбе жаңбырдан соң жер бетінің тазарғанын,
Жаратқанның кереметін көріп ойлап жазалмадым.
Әр бір тамшы өзіндік, табиғатқа нәр береді,
Жаратқаннын кереметін діндарлар ғана көреді.
Көрмейсіңбе сүннеттен соң жүректердің тазарғанын,
Пайғамбардың сүннеттерін сөзбен айтып жазалмадым.
Әр бір сүннет өзіндік өміріңе нәр береді,
Сүннеттердің сауабын діндарлар ғана біледі.
Ендеше емдей баста күнәлардың күйіктерін,
Жаныңа жүктеме, джахил атты сан жүктерін.
Жаратушым кешірімді, жәннәтқада үміттенің,
Пайғамбардын сүннеттерін, міне саған үгіттедім.
Иіліп исламда тірілт сен сан сүннетті,
Сол сүннет оятады кеудеңдегі шын ниетті.
Судай қажет, әр сүннет рухани азығың,
Діннен ізде бауырым жаңбырдай жанның тазалығын.

Қайырмасы:
Жанның тазалығы маңызды емес біреуге,
Жанның тазалығын біреулер тілеуде.
Ал менің тілім бармайды менің жаным таза деуге,
Жаратушым кешірші деп соқсыншы барлық кеуде.
Жанның тазалығы маңызды емес біреуге,
Жанның тазалығын біреулер тілеуде.
Ал менің тілім бармайды менің жаным таза деуге,
Жаратушым кешірші деп соқсыншы барлық кеуде.

Другие названия этого текста
  • Смерч a.k.a. Жақау - Жаңбырдай Жанның Тазалығы (www.VIPSTAR.kz) (0)
  • Смерч a.k.a. Жақау - Жаңбырдай Жанның Тазалығы (www.VIPSTAR.kz) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-