Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сәрсенбай Хасенов - Алдай ау бәрі алдай ау (Көкшетау) | Текст песни

Жыр терме!

Алдай - ау, алдай, алдай - ау,
Дүние түбі балдай - ау.
Алқынған күндер, талпынған,
Жәутеңдеп қарап артымнан,
Қалды ай ау бәрі қалды ай, ау!

Арманым алда бұлыңғыр,
Орманым ол да сылыңғыр.
Жапырақтарын жанымның,
Білдірмей біреу жұлып жүр..

Өмірдің өгей пендесі,
Өлеңнің шертіп қылын біл.
Өлеңнің шертіп қылын бір,
Өзіңді өзің жылындыр..

Үри - ау, дәурен үри - ау,
Үмітпен өткен дүнияу.
Теректей басым теңселіп,
Терең бір ойлар еңсеріп,
Ұйқысыз өткен түнім ау..

Аға деп барсаң ағаға ,
Ағаңның көңілі көкте жүр.
Бауыр деп барсаң бауырға,
Бауыры оның көк темір..

Туысқанға туа жат,
Жолдасыма жүре жат.
Жолдасыма жүре жат,
Менен де осы өтті өмір..

Өткені ау бәрі, өткені,
Өмірдің жаз бен көктемі.
Сары ала қаздар саңқылдап,
Сары ала күздің жеткені..

Біреулер маған ынтызар,
Біреулер маған өкпелі.
Өткінші мынау өмірде,
Өтпелі бәрі, өтпелі..

Қара тас сенен қорқпаймын,
Сенен де кейде от шығар.
Қара жер сенен қорықпаймын,
Саған да жазда шөп шығар..

Айналайын ағайын,
Сендермен жерді бір басқан,
Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан,
Өмірі өлең, жыр дастан,
Менде де арман жоқ шығар..
.

Сәрсенбай Хасенов еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3