Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сәт тобы & Ақниет Олжа - Алтын бесiк | Текст песни

Шөбі майса,жұрты жайсаң
Туып кіндік кескен жер
Жаңбыр жауса лай-батпағын
Жалаң аяқ кешкен жер
Алқам-салқам қой қайырып
Тай-құлынмен лескен жер
Қарның тойса құрбыңды аңдып
Қайғы көрмей өскен жер

Жұмақ мекен туған жер-ай
Мың жайалық жуған жер
Құрт ұрлатқан қалтадан хей
Шын балалық думан бел

Көше бойлап,асық ойнап
Мәре-сәре болған жер
Көше қайнап,көзім жайнап
Кеуде нұрғай толған жер
Жантақ тікен қаптаса да
Бұл мен үшін орман бел
Көп армандап сол орманға
Бала қиял қонған жер

Жұмақ мекен туған жер-ай
Мың жайалық жуған жер
Құрт ұрлатқан қалтадан хей
Шын балалық думан бел

Құр қалдым деп дүмбілден,
Қуаласып жүгірген.
Қайран қамсыз бала күннің,
Қайырылмасын кім білген.

Жер аударып арып-талып,
Ұрық дәнек сепкен жер.
Милан қарға шабыттанып,
Тұрық салып еккен жер.
Тұңғиыққа мал тия алмай,
Жүзсек сүңгіп шөпкен жер.
Әуре-сарсаң әбігер боп,
Әткеншегін тепкен жер.

Жұмақ мекен туған жер-ай,
Мың жайалық жуған жер.
Құрт ұрлатқан қалтадан хей,
Шын балалық думан бел.

Жұмақ мекен туған жер-ай,
Шын балалық думан бел.

Сәт тобы & Ақниет Олжа еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1