Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сәт триосы - Попурри | Текст песни

Жас едім өмірге еркін бойламаған
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсемде алыс қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған
Шарықтап кетсемде алыс қанат қағып
Өзіңдей қамқор әке қайда маған

Мереке күніңмен қарсы алам өзіңді
Сәбилік сезіммен арнаймын сөзімді
Көргенше алаңмын аңсаймын толғанам
Қабыл ал балаңның сәлемін жолдаған
Қабыл ал балаңның сәлемін жолдаған

Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін, жинадың сен маған
Сен берген құстардың қанатын самғаған
Балалық құштарым өзіңе арналады
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің
Самал жел, сая бақ, құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей, көзіңнен танимын
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей, көзіңнен танимын

Құрбым, жан құрбым, бала кезімнен
Бақыт көруші ем қара көзіңнен
Кеттің ұмытып, мүлдемі ұмытып
Жібін үздің ғой нәзік үміттің
Кеттің ұмытып, мүлдемі ұмытып
Жібін үздің ғой нәзік үміттің
Әнім сен едің кеште салатын
Содан жас жаным бақыт табатын
Тағы келді ғой, құстар ән салып
Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып
Тағы келді ғой, құстар ән салып
Тұрмын оларды жалғыз қарсы алып
Тұрмын оларды мен жалғыз қарсы алып

Сәт триосы еще тексты


Другие названия этого текста
  • Сат триосы - Попурри (2)
  • Сәт триосы - Попурри (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2