Қ-сы: Жалғыз арманым, қайғым мен мұңдарым, Өзіңсіз таңдарым қиналып атарын. Жанымды сен менің жасын етпегін, Сүйемін мен сені, жырақтап кетесің.
Есіңде ме қоңыр күз сені күткен аулаңда, Көңіліңді бұрған сенің кім, расында? Ойламаппын басында, болды тоқтат, тіл қатпа, Ақымақтың күйін кештім, тиеді мына намысқа. Сандалған сан ойлар түртіп жейді жанымды, Содан бері қара мысық кис-кис дейді жолымды. Созсам саған қолымды, күндіз сезем аязды, Жұлқып жыртып жағамды сол елеспен таң атты. Не болса да, білерім – маған қонар бақ емессің, Өткен күннен қалып кеткен, шыны керек, құр елессің. Сол күні өлген ашу дәл қазір тірілмесін, Менен жай үнсіз кет, не боларын білерсің. Қайда кетті берген уәдең күлімдеп алдымда, Түсінбедім мен сені, қандай ой еді санаңда? Қарамаймын артыма, қандай сұлу болсаң да, Арзан екен махаббатың, түсінгенім расында.
Қ-сы: Жалғыз арманым, қайғым мен мұңдарым, Өзіңсіз таңдарым қиналып атарын. Жанымды сен менің жасын етпегін, Сүйемін мен сені, жырақтап кетесің.
Жатырсың ұйықтап айтқаны болған адамдай, Қасымда жүруші едің алысқа бірге барардай. Көрсетем деуші ем бар жерді өзім де көріп білмеген, Сен үшін кейде қам жеуді ұмытып жүрдім мүлде мен. Жүрегім жанып барады сенің сөзіңнен, Мен артпаймын кінәні саған, көрем өзімнен. Мен кінәлімін, мына саған сынған мен ғой, Сен биіксің, саған қолым жетпейді, білем ғой. Не істеп жатсың, кім болып барасың, Қайда көзқарасың ерітетін мұз арасын? Ыстық сезімің қайда, «сүйем» деген сөзің рас па, Менің хақым жоқ па сұрауға, неге айқайлап қызарасың? Сенемін қатты, сондай бір махаббат бар, Жүрекпен ойнай бер, бірақ та тақап атпа. Мен өлем, бірақ бүгін емес секілді, Бірақ жақын секілді, соңғы секундым...
Қ-сы: Жалғыз арманым, қайғым мен мұңдарым, Өзіңсіз таңдарым қиналып атарын. Жанымды сен менің жасын етпегін, Сүйемін мен сені, жырақтап кетесің.