Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? -Сені іздеумен мәңгілік өтер едім -Отқа түсіп өртенсем не етер едің? -Күл боп бірге соңыңнан кетер едім -Бұлдырасам сағымдай не етер едің? -Жел боп қуып ақыры жетер едім -Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? -Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!