1) Жүзіңе қараймын да, қуанам ішімнен білдіртпей мен, Ал күлкіңді көрген кезде, еріксіз жымиып мен де күлем, Хы, білем сен мені сүйесің мені қатты, Ал мен сені сенен де қатты сүйем. Басыма қонған бағым деп білемін сені, Бірге өмірдің ащысы мен тәттісін көреміз енді, Армандарға жету үшін күш саламыз бірге, Мен сені қолдаймын, және де сен де мені деме Шаңырағымның сәнін келтірер асыл жарым Өмірімді гүлдендіретін жайқалған бағым Көңілімді жайландырады сенің айтқан жылы сөздерің Сенің арқанда мен қазіргі уақытта мен өзгемін
Қ-сы: Махаббатым-ай аңсап күткен Сүйіп өтем сені шын жүрекпен Сезімім өшпес саған деген Көздеріңе мөлдір қарай берем Қымбатты жансың бағалы маған Құшағыңнан мен жылулық алам Қасымда мәңгі қалшы менің Өзіңмен жан тыныштығын табам
2) Орамал таққан ару елестейді көз алдыма Жүзіңде толған нұр, жаман ниетін қалдырған Аруды аңсадым мен жүректерді жібітетін Салиқалы жар болып, Аллаhқа дұға ететін Толғанып мінекей мен, тек сені ғана ойлап Елестеп сенің бейнең, шабытым тезірек ойлан Кездестірсем деп ойлайм(ын) осындай жалғыз ару Сүннеттің бірін орындау, өмірлік серік табу Мейірімді жанның бірі Аллаһым нәсіп қылған Көздері мөлдіреп, иманға жүрек толған Ашуға берілсен сен, күлімдеп жұбататын Бере ғой осындай жар жүрекпен ұнататын Елеске берілдім мен, армандар, мұң ұялап Жалғыздық болған ащы мұң шертіп, түн ұялап Осындай жаман халден сақтайды тек бір адам Болатын болашақта жасап бір саған қадам