Адастым естен, Құдіреті күшті Жаратқан Сүйіктімнің Көздерін көрем əр атқан таннаң. Дертім да менің асқынып кеткен шығар-ау. Көшеде жүрсем, Сұлуымның бейнесін көрем əр өткен жаннан.
Ғаламда жоқ гүлім, Мен оны ғажайып бір бақтан алғам. Әр сөзің құлаққа жағар Тәп-тәтті тілің бар балдан. Жынды боп біттім, соғады қатты мендегі жүрек тым..... Сенсіз күндерімнің Есесін ессіз сағаттан алғам.
Періштемді жоғалтар, Құдайым мені даудан сақта. Мөп - Мөлдір көздері бұлақтай шіркін сыңғырлап таудан аққан. Жүректін емі, Жанымның балы, Періштемді сағынғанда. Сұп сұлу мүсіннін бейнелейді қаңтарда жапалақтап жауған ақ қар.
Көндірдім енді, Жүрегім жаным мазаламашы текке мені . Қолаң шашы, жарқын жүзі жаныма нұрын сепкен еді. Керегі жоқ жылуы мен сұлуы бар ғаламның. Келбеті келіскен , Арайлым Періштем,тек керегі.
Тек керегі Нәзік күлкің,жымиғаның,тәтті сөздерің Жалғыз гүлім,жаным дедім сенде мені ерім дегің, Арман құсым,жаратқаннан сұратып алған құсым, Бір өмір,бір жүрек Сол жүрекке жалғыз теңім дедім.
Тек керегі болмағаны арамыздағы сенімде мін, Әр таңына жыр арнаудан жаным саған ерінбедім. Өмірдің қатал сәттерінде,қиналғанымда... Өзіңді ойлап,ақ періштем Мен ешқашан берілмедім
Өміріме сен келгелі тас жүрегіме гүл егілді, Жаным-ау менің, тапсам егер жаныңдағы бір еміңді... Жаныммен менің, барыммен менің ант етемін, Өмірлік жарым,екі өмірге қолыңа бердім жүрегімді!
Қайырмасы Бақ болып басыма қондың деп сенемін Бақытым болып қасымда қаласың деп үміттенемін Сен және мен ғана бұл тек екеуара сезімдер Өзгелер түсінбейді түсінуші тек біздер