Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Сырым Бижаксин - Мекенім | Текст песни

1. Сарыарқамның бұл сардаласы ғой
Қаражалым менің соның бір қаласы ғой
Минусқа сөз жатқызып тұрған сол қала баласы ғой
Қайтадан қаласы жайлы жазады ой

2.Жалпы бұл қала берді маған біраз нәрсе
Бақытты балалық шақ, білім де бар ғой әсте
Өнерге деген қызығушылық басталды осында
Рэп айту деген ойым туылды ғой тосыннан

3.Туған туыстың да біразы осында
Дос, таныстар да осы қалада қасымда
Алғашқы махаббат, алғашқы сезімдер
Солардың барлығына осы қала куәгер

4.Оқуды аяқтап қайтып келдім мекеніме
Алыс жүрсем бұл мекенді қатты сағынады екенмін мен
Алғашқы қызметімді бастадым мен
Әлі де осы жерде қызмет етіп келем

5.Бұл жерден көрмейсің сен биік зәулім ғимараттар
Үйлердің ең биігі тек қана 5-ақ қабаттар
Құлағыңды жемейді автокөлік шулары да
Кейбіреулеріне қала сонысымен ұнайды да

6.Бұл қалада жаңа нәрселер көп демес ем өзім
Көбісі сол бұрыннан қалған ғой көненің көзі
Бұл қала тұрғындарының жүйкесі төзімді
Осыған уақыт өте жеткізіп келемін көзімді

7.Біздің қалада жай күндері түнгі қала тыныш
Күндіз жұмыс, сабақ, тірлік, тағы басқа тыныс
Мейрам күндері қала өмірі қыза бастайды
Себебі студенттер, тағы басқалар келе бастайды

8.Жазы ыстық, қысы суық мекеннің
Проблемалары да толып жатыр осы мекеннің
Бәрі шешіледі деп сенемін
Мен үшін өте ыстық туған өлкем менің

Менің туып өскен мекенін, сені мәңгі жүрегімде сақтап өтемін
Мейлі жағдайын мәз болмай жатса да, болашағыңнан мен үлкен үмітті күтемін
Қаншама жандарға пана болған Қаражал, қаншама жандарға жылу сыйлаған Қаражал
Әркімде бар естелік, әркімнің өз ойы бар, бұл қала кейбіріне өз алдына бір қамал

Старый Площадка қала сучи северный ши аул вокзал қтай


Сырым Бижаксин еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2