Құшағыңда саялайын, Бар жақсымды аямайын. Мені қалай әлдилесең Сені солай аялайын. Ата қыран қырағысың, Ұлы дала ұланысың. Әнімменен жеткізейін Ұрпағыңның мың алғысын
Қайырмасы: Алтын арай таңым ,әке Алатаудай бағым ,әке Шырылдайсың мен қиналсам Жаным әке,жаным әке Ұл -қызыңның қабыл алшы Ақ тілекті әнін әке
Әке сенің дара тұлғаң, Ар-намыстан жаратылған. Менің өмір жолдарымда, Демеп келдің қанатымнан Жанұям деп жанасың сен Ұран болып барасың сен Жердің беті үлгі тұтқан Бар қазаққа ағасың сен
Қайырмасы: Алтын арай таңым ,әке Алатаудай бағым ,әке Шырылдайсың мен қиналсам Жаным әке,жаным әке Ұл -қызыңның қабыл алшы Ақ тілекті әнін әке