Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Таңатар Темірхан - Бақытты деп ойласын | Текст песни

Сөзі: Бақдәулет Арыстан
Әні: Жолдасбек Әбдіханов

Қайдасың?
Тағдыр бізден асырдыма айласын
Көз жасыңды-ай көрсетпеші көрсетпе
Бізді бәрі бақытты деп ойласын

Ардақтым
Гүлі сендей бола алмаған әр бақтың
Сені қатты сағындымғой мен бүгін
Ұмыттым деп өзімді өзім алдаппын

Алдаппын
Жұбатам деп жүрегіңді жаураттым
Қанатымды-ай саған қарай сан қақтым
Жүрегіңді алған екен жаулап кім?

Сағынам
Дауысың кейде құлағыма естілет
Сен кеткелі-ай жүре алмадым еш күліп
Кешіктім бе қәдіріңді кеш біліп

Кеш біліп
Сүйгенім сен екеніңді мұңданам
Ай махаббат жарымды кеп тырнаған
Жұбатушы болады енді кім маған

Өкінем
Өртенемін қызғаныштың отымен
Сағындырмай мына байғұс жүректі
Тым болмаса бір көрінші өтінем

Өтінем
Бір көрінші бір көрінші-ай соңғы рет
Мен сол жерде қап кетейін елжіреп
Жасқа толы жанарыңмен мөлдіреп

Сен едің
Тағдырымдай әр күнімді гүл еткен
Сағындымғой қаншама ай жыл өткен
Сағынбасам ән тумайды жүректен
Сағынбасам сағынбасам ән тумайды жүректен


Таңатар Темірхан еще тексты


Другие названия этого текста
  • Таңатар Темірхан - Бақытты деп ойласын (0)
  • Жолдасбек Абдиханов - Бақытты деп ойласын (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3