Қазақ едім дегенше…
Қазақ едім дегенше, құсалықпын десеңші,
Тұзағына талайдың тұсалыппын десеңші.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет — үш арысты бір түнде,
Арамыздан ап кеткен “Үш әріппін” десеңші.
Қазақ едім дегенше, бастық едім десеңші,
Самар асқан составпен, астық едім десеңші.
Өзіме-өзім, дүние-ай, қас қып едім десеңші,
Қырып салған халқымды аштық едім десеңші.
Қазақ едім дегенше, нар едім ғой десеңші,
Бар дәулетті шашуға бар едім ғой десеңші.
“Кемелденген кездерде” 50 миллион болып,
Құла түзде мыңғырған мал едім ғой десеңші.
Қазақ едім дегенше, дарын едім десеңші,
Әуелетіп “Айдайға” салып едім десеңші.
Бойдан қуат кеткенде ұл-қызыммен қоштасып,
Қарттар үйі алдында қалып едім десеңші.
Табыл Досымов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1