Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Табыл Досымов - Ұнатамын мен сені | Текст песни

Ұнатамын мен сені
Сөзі: Мұқағали Мақатаев
Әні: Табылды Досымов

Ұнатамын мен сені дегенменен,
Көрмегенді басқадан сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Ғайып болсам бір күні егер де мен.

Қайырмасы:
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Өмірімнің өлшемі
Ұнатамын...
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын...
Ұнатамын мен сені

Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін өзіңе асау қылық.
Сенің ғана еркіңе бас алдырып,
Жүре берем, бұл неткен жасандылық?!

Қайырмасы:

Ұнатамын мен сені бірақ, бірақ,
Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім - жасандылық,
Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.

Қайырмасы:


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-