Әулет диалогы
Атам айтты: “Ұлым ел қорғаса”, – деп,
Әкем айтты: “Сұм соғыс болмаса”, – деп.
Мен айттым: “Коммунизм орнаса”, – деп,
Ұлым айтты: “Бәрі де далбаса”, – деп.
Атам “Аттан, кедейін!” айта күліп,
Әкем жатты, “Фашистер тойтарылып”…
Мен даурықтым: “Жатырмыз қайта құрып!”
Ұлым күлді: “Кетпейік қайта құрып”…
Атам айтты: “Кеңеске – бағалыңмын!”
Әкем күлді: “Пірімін Заманымның”.
Мен де шыңға шырқауға шама қылдым,
Ұлым айтты: “Бүрі жоқ табаныңның”.
Атам пісті сабасын: “Төгілді”, – деп,
Әкем күлді: “Спиртпен көңілдірек!”
Мен сырамды сімірдім, ұлым айтты:
“Нашақорлық жайлады өмірді”, – деп.
Ақтады атам бидайды қауызындағы,
Ойланды әкем: “Сол қулар сау жүр ме әлі?..”
Мен газетке үңілдім. “ТФУ” деді –
Ұлым “Қазақстанын” аузындағы…
Табыл Досымов еще тексты
Сейчас смотрят
- Табыл Досымов - Әулет
- Dave Darrel vs. Ultra Nate - Free Children (db Rework)
- Последняя капля.. - последний луч света..
- Ася Осень - У него жена и семья
- Баста - 08 С Надеждой на Крылья (feat. Нервы) (текст)
- ЯТЛ - Но я люблю ее так сильно,мам Она маленькая,но никому не отдам, И на моем плече, как ребенок спит И я ей верю,мам,слева так стучит.
- The Megas - Carved From Mighty Oak (Woodman) [Get Acoustic]
- Ilya Benton - If You Can ( live at dojd major club )
- .•°*”♥˜˜♥”*°•♥●•٠Karishka ٠•●♥°*♥”˜♥˜”*°• – - Ты пишешь мне письмо в который раз, читаю между строк печальных фраз, ну что же ты молчишь, я жду ответ, прости меня малыш...ответа нет...
- Шарль Франсуа Гуно - Ария Мефистофеля из оперы "Фауст"
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3