Сен үшін сонау алыстардағы елес ем. осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой»,-демесең, мен саған ғашық емес ем. Бас иген көп-көп бозбалаларға паңдана асқақтау басып, бақытты болдым.«Сонда да жан-жүрегіңді толтырар бір жан жетпей жүрді ғой»,-демесең, мен саған ғашық емес ем. Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен, сен екеніңді білген бе ем… Әйтеуір, жаным,«бұл күнде менсіз жүре алмайсың ғой»,-демесең, мен саған ғашық емес ем.