Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам, Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары. Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған, Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі.
Жүректе - қайғы, баста - мұң, көңілде - қырау, Оңай ма, жаным, жаныңда қайғы ауыртқасын. Жүретін кезім бола ма өмірде мынау, Шараптан емес, шаттықтан айналып басым?!
Жанардан ұштың, жасын күн - базарым едің, Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан? Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім, Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған.