Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Тайфун - Сәлем хат | Текст песни

Сәлем жаным. Амансың ба, әйтеуір?
Екі жақта болсақ та, сен ойлаймын қайтемін
Менің сәлем хатымды ойлап есіңе аларсың
Кім біліпті, Аллахқа мәлім, мені де сағынарсың
Қателеспейтін пенде жоқ мен де қателік істедім
Басқа қыздың қажеті жоқ сен боласың теңім
Аппақ аққуымды ұшырып алдым басқа біреуге
Шыдамым жетер емес, сені онымен көруге
Басқа қандай жаңалықтар? Не өзгерді, жалпы?
Ал менде ешқандай, баяғыша сол қалпы
Сені ұмыттым ба деп, жақында бір қызбен жүрдім
Ұмыту мүмкін емес екенін сол кезде мен білдім
Иә, жалпы сенің жағдайыңды естіп жатырмын
Оңды болсын деймін, гастрольдік сапарларың
Биді әлі тастамапсың оны да сүйетін едің
Өнер бар сенің бойыңда жақсы болсын келешегің
Маған да оңай болмады естідім жаман хабарды
Ажал құшағына алды өзіңнің туған апаңды
Білемін қиналдың, мен де тұрып біраз ойландым
Кешір жаным, ренжімеші, қасыңа мен бара алмадым
Бір амалын тауып хатыма жазуды шештім
Апаң да жақсы қыз еді, қайтесің амалың бар ма?
Арты қайырлы болсын, Иншаллах жақсы болады
Тек сен көп жыламашы...

Естіп отырсаң жаным түсінерсің
Менің басым айналған сенен
Қалай болса да, жаным, тырысам саған
Бірақ қайтара алмайм деп қорқам

Сені бағаламадым, расында кешірші мені
Бірақ амалым бар ма? Қазір сүйесің өзгені
Оны тасташы жаным, келші менің құшағыма
Қоярға мен жер таппаймын сені қызғанғанымда
Есіңе алшы, отырған жерлерімізді
Қалайша ұмытасың, бақытты кездерімізді?
Ұмыту мүмкін емес еркелеген қылығыңды
Жартылай сені ойлаймын Алла берген әр күнімді
Менде бәрі орнымен Ақтөбеде оқудамын
Тек сен маған жетіспейсің осыны түсінші жаным
Қыздар көп болғанымен біреуі де саған жетпейді
Әлі күнге дейін күлгенің көз алдымнан кетпейді
Қасымдағы бір бауырым ол да сені сүйеді екен
Махаббаттан жол бөгеді тағдырым былыңғыр неткен?!
Ол да түсіндірді маған іштегі көңілін айтып
Бәрібір тырысам саған мен ешқашан да қайтпаймын
Сезімім ойыншық емес түсінгесін өкінемін
От жалыны болмаса да қызғаныштан өртенемін
Қайтемін, сүйемін! Алла куә бұл сезімге
Бұл хатым өзгеге емес, түсінсең тек бір өзіңе

Естіп отырсаң жаным түсінерсің
Менің басым айналған сенен
Қалай болса да, жаным, тырысам саған
Бірақ қайтара алмайм деп қорқам

Тайфун еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2