Туған жер қандай көркем мөлдіреген.
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
Ыстық-ай бүлдіргенді өзендерің,
Саяңда сайрап өскен өрендерің.
Мен едім соның бірі - қарыздармын,
Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.
Қашан да қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.
Талгат Жорабаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2